Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«Келіндер көтерілісі» сахнада 10 жыл

26 желтоқсан авторы Саид Ахмад, қоюшы режиссері Мұрат Ахмановтың «Келіндер көтерілісі» қойылымы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтіп, көрерменге 100 қойылымын тарту етті. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қойылымның қоюшы режиссері Мұрат Ахмановқа шапан жабылып, қойылымның басты кейіпкері Лидия Каденоваға арнайы сый сияпат табысталды. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы Фатхуллаев Аброр Джахангеривич, Алматы қаласындағы Өзбек этно мәдени орталығының төрағасы Исматуллаев Абдулла Жаппаравич мырзалар арнайы қойылымның 100 рет сахналауын тамашалады. Өзбек бауырларымыздың атынан арнайы көрме жасалып, аспаптарымен сүйемелдеп, көрермендерді ерекше қуантты. Өз ризашылықтарын білдіріп, осы қойылымды Өзбекстан Республикасында сахналауға ұсыныс жасады. Алдағы уақыттарда Өзбекстан елімен халықаралық деңгейде жұмыс жасауға уәделестік. 10 жыл бойы осы спектакльді үзбей тамашалап келе жатқан  театрымыздың тұрақты көрермендері  бар, сол кісілерге арналған сый сияпаттар табысталды. Өнерді сүйетін көрермендерімізге мың мәрте алғыс білдіреміз және сіздерді театрда асыға күтеміз!

Сәйкес жаңалықтар

Жастар театры – Ақтөбеде!

admin

Достар! Биз ашылдык!! Ардайым сиздерге есигимиз ашык!!!! Мекен-жайы: Алматы к. мкр.Таугул-3 аныктама тел: 8(727) 385 84 93, 8702 461 88 61, 8707 561 71 71. @ai_studio.kz

admin

Жастар театры қартаймайды

admin