Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Театр директоры

admin

 Есеналиев Талғат Қамқабайұлы

1977 жылы 3 қарашада Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келген.

1994 жылы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада – цирк колледжіне оқуға түсіп, 1997 жылы «көркемсөз оқу шебері» мамандығын меңгеріп шықты.

1997 жылы “М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына”  администратор қызметіне қабылданды.

1999-2003 жылдары Орта – Азиялық Университеттің филология факультетіне түсіп «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша білім алды.

2003- 2015 жылдары “Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында” директорының орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылы Ресей Федерациясына біліктілігін арттыру мақсатында «Менеджмент искусства» тақырыбында дәріс алды.

2009-2011 жылдары Үздік білім беру университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білімін толықтырды.

Әуезов театрының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

2012 жылы мәдениет пен өнерді дамыту саласындағы көп жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет» грамотасымен наградталды,

2012 жылы Қ.Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында режиссер мамандығы бойынша магистратура бойынша білімін толықтырды.

2015-2016 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театырында директордың 1-ші орынбасары қызметінде болды.

2016-2022 жылдары “Мемлекеттік қуыршақ театрын” басқарды.

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастырумен өткен “Сахнагер” Ұлттық театр сыйлығында “Үздік театр менеджері” атанды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды.