Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«Aбзал жанға алғыс»

Биыл, 2020 жылы бүкіл әлемді шарлаған “Covid-19” пандемиясы біздің Елімізді де айналып өткен жоқ. Қаншама азаматтар осы індеттің беймезгіл құрбаны болғаны белгілі.

Індет тараған кезден бастап, өз бастарын қатерге тігіп, алғы шепте аурумен  күрескен медицина саласының қызметкерлерінің еңбегі оразан зор. Осы жанкештілікті ескере отырып, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы 27 желтоқсан күні «абзал жанға алғыс» атты іс-шарасын ұйымдастырды.

Аталмыш шарада «Орталық клиникалық ауруханасы», «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы», « 16 қалалық ауруханасы», «Жедел жәрдем станциясы», «6 қалалық ауруханасы», «4 қалалық ауруханасы», «12 қалалық ауруханасы»  және т.б. мекемелердің қызметкерлеріне  “АДАМ-ЗАТ” (авт. М.Ладо, ауд. Қ.Төлеуішов, реж. Д.Базарқұлов) спектаклі ашық есік жағдайында арнайы сахналанды.

Спектакль аяқталғаннан кейін театр фоесінде жас актерлеріміз  қатарынан тізіле тұрып қол соғып құрмет көрсетіп, театр ұжымының атынан сыйлыққа алма тарту етті. Актерлеріміз ақ халатты абзал жандарға деген алғыс пен ризашылық сезімді киелі сахнада, осылай білдіріп, бір сәтке рухани көңіл-күй сыйлады. Атаулы іс-шара өз жалғасын табады!

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы тойланды

admin

Театр және кино актеры Ербол Идрисов режиссер Мұрат Бидосовтың “Ғұмырдария” фильміне түсуде. Фильмдегі кейіпкері – Шернияз. Фильмнің түсірілімі мен қай кезде телекөрермендерге жол тартатындығы туралы парақшамыздан болашақта білетін боласыздар.

admin

Ғ.Мүсірепов театры кәсіби мерекені атап өтті

admin