Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Маңғыстауда

Ғ.Мүсірепов театры 73 жылдық тарихы бар, республикамыздағы балалар мен жастарға арналған жалғыз қазақ мемлекеттік академиялық киелі өнер ордасы – бүгінгі таңда, Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі мәдени тегеурінді шараларға атсалысып, солардың ішінде, «Алыс-жақын елдімекендерде өнер, театр туындыларын халыққа кеңінен ұсыну» жөніндегі іс-шараларды өткізуді кәсіби міндеті санайтыны даусыз.

Биылғы маусымашар кезекті күздік гастрольдік сапарын театр Маңғыстаудың Ақтау және Жаңаөзен қалаларына арнап отыр.

Ғ.Мүсірепов театры Ақтау қаласының көрермендерін Н.Жантөрин атындағы қазақ музыкалық драма театрында күтеді:

17, 18, 19, 20 қыркүйек сағат 11.00 және 13.00-де Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Латын әліпбиіне көшу» бастамасын қолдау мақсатында жаңадан сахналанған «Әріптер әлеміне саяхат» ( авт. Ә.Байбол ) атты балаларға арналған музыкалық-танымдық ертегісі;

17 қыркүйек – «Жусан иісі» ( авт. С.Мұратбеков )драмасы;

18 қыркүйек – «Мен, ұмытылмаймын…» ( авт. М.Мақатаев ) лирикалық драмасы;

19 қыркүйек – «Енелер мен келіндер» ( авт. С.Балғабаев ) комедиясы;

22 қыркүйек – «Келіндер көтерілісі» ( авт. С.Ахмад ) комедиясы;

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының тұрғындары 20, 21 қыркүйек күндері қойылымдарды «Мұнайшы» мәдениет сарайының сахнасынан көре алады.

Басталуы: 19.00

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – шоқтығы биік қойылымдары және дарынды өнер майталмандарымен бірге маңғыстаулық көрерменмен қауышатын сәтті асыға күтеді.

Анықтама тел: 60-10-04, 8701-951-43-47.

Ақпаратты және видеоанонсты ұсынған театрдың баспасөз бөлімі

Сәйкес жаңалықтар

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

ТЕАТРДА — БАЛАЛАРҒА НАУРЫЗ ТОСЫНСЫЙЫ

admin

Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы театрда криминалды драманың тұсаукесері өтті

admin