Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

«Қызыл орамалды шынарым» қойылымының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

2020 жылы желтоқсан айының 25 жұлдызында «Қызыл орамалды шынарым» спектаклі 150 рет театр сахнасында қойылды. Сондай-ақ авторы Шыңғыс Айтматов, қоюшы режиссері Талғат Теменовтың «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Атаулы іс-шараға ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан ықылас гүлі табысталды. Қойылымның қоюшы режиссері Талғат Теменовке, қоюшы суретші Бақыт Сраиловқа және осы қойылымда өз рөлін 150 рет ойнаған театрымыздың актері Еділ Рамазановқа театр басшылығынының атынан шапан жабылды. Заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туған өлкесінен қырғыз бауырларымыз арнайы мерейтойды құттықтауға келді.  Қырғыстан Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығынан Жакыпов Кайратбек Назиринбекович және Қазақстандағы қырғыз этно мәдени бірлестігінің өкілі Абылкасымов Сүйінбай Таштемирович мырзалар сөз сөйлеп, театрымыздың актерлеріне өз сый сияпаттарын тапсырды. Болашақта екі ел арасындағы театрлардың шығармашылық байланысы нығая түсетінін атап өтейік.Театр ұжымының атынан мерейтойға арнайылап әзірленген күнтізбелер мен алғыс хаттар табысталды. 10 жыл ішінде осы қойылымды 10-15 рет тамашалаған тұрақты  көрермендерімізге арнайы сый сияпаттар табысталды. Патша көңілді көрермен осындай мерейтойларымыз әлі де жалғасын табады. Барлықтарыңызды театрда күтеміз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан “Жаңа күн” бағдарламысының “Кітап сөресі” айдарында.

admin

What is the theme you’re looking for

admin

“Балаларымның өнер адамы болғанын қаламаймын”. Актер Бақыт Тушаев балаларын қалай тәрбиелейді?

admin