Камалов Мақсат Нұрланұлы
Директордың орынбасары
Камалов Мақсат Нұрланұлы 31 тамыз 1986 жылы ОҚО облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 2002-2005 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінде Халық артисі Сұлтанғали Шүкіров Төгелбайұлынан «Қуыршақ бөлімі» мамандығы бойынша бітірді. 2012 ж. ОҚО Шымкент қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде музыкалық білім мандығы бойынша бітіріп, бакалавар академиялық дәрежесін алды.
КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» 2003 жылдан бері еңбек етіп, 2005 жылдан Сұлтанғали Шүкіров Төгелбайұлының қарамағында жұмыс істеді. 2008 жылы КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» үздіксіз қызметін атқарып келеді. Театрмен бірге шетелдерде гатрольдерде 2003ж., 2008ж. – Ресей, 2004ж. – ҚХР, 2011 ж., 2022 ж. – Болгария, 2012ж., 2019 ж., – Түркия, өз еліміздің біраз қалаларында гастрольдік сапарларда болды. М.Камалов «Балапан» каналындағы «Бауырсақ», «Әли мен Айя», «Менің сүйікті ертегім» бағдарламаларында жиі шығып тұрады. Қазақ киносында М.Толеухановтың «Петля» киносында түскен.
2008 жылдан бастап Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі.
2019 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген.
2022 жылдың мамыр айынан бастап Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының көрермендер ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарады.
Саматұлы Мағжан
Директордың көрермендер ісі жөніндегі орынбасары
Саматұлы Мағжан 1990 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген.
2005-2008 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша білім алды.
2008-2013 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режиссер-продюсер» мамандығы бойынша білім алды.
2014-2016 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өнертану магистрі дәрежесін иеленді.
2017 жылғы 11 қаңтар – 23 сәуір аралығында Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының тарихи-мәдени мұра бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болды.
2017-2019 жылдар аралығында Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының тарихи-мәдени мұра бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2020-2021 жылдар аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болды.
2021-2024 жылдар аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылдың 25 сәуірінен бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының көрермендер ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Қызметтік жолында республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты. Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған іс-шаралар, «Алматы музейінің» ашылуы, 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиада, «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесі, «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалі, сондай-ақ мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты.

