Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Ақбота Рахат «Құрмет» орденімен марапатталды!

Ақбота Рахат «Құрмет» орденімен марапатталды!

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі Ақбота Рахат «Құрмет» орденімен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Оразбайұлы табыстады.

Марапат өнер жолындағы қажырлы еңбектің, кәсіби шеберліктің және театр өнерінің дамуына қосқан үлестің лайықты бағасы. Театрымыздың артисі Ақбота Рахатты жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың актрисасы Ақбота Қаймақбаеваның орындауында Тынышбай Рақымның “Бұлбұл жүрек” поэзиясы.

admin

2 қараша театрдың көптеген спектакльдерінің композиторы, талантты музыкант, музыкамен көркемдеуші – Болат Нұрқасымовтың дүние есігін ашқан күні!

admin

Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаттары – Бақыт Тушаев пен Бейбіт Камарановты шын жүректен құттықтаймыз!!!

admin