Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі
1954 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында дүниеге келген.
1970-1972 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындаға актерлік студияны тәмамдады.
1974-1977 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының «Актер» мамандығы бойынша білім алды.
1977-1997 жылдары Талдықорған облыстық )азақ драма театрында актер болып еңбек етті.
1997 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Талдықорған театрында:
М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым, «Абай» – Айдар, «Хан Кене» – Нысанбай (1978ж), Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақан (1979ж), Б.Майлин «Шұға» – Әбіш (1980ж), Қ.Ысқақ «Таңғы жаңғырық» – Бақтығұл (1982ж), А.Бек «Волоколам тас жолы» – Бауыржан Момышұлы (1985ж), Ш.Мұртаза «Сталинге хат» -Т.Рысқұлов (1988ж), Ш.Айтматов «Жәмила» – Данияр, Т.Қалилаханов «Ақын сарасында» – Біржан сал (1990ж), У.Шекспир «Асауға-тұсау» – Петручио (1991ж), І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» -Махамбет (1995ж), т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
О.Дастанов «Әзірет сұлтан» -Қожа Ахмет (1998ж), С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Абдолла, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді» – Оразқұл, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Шеге, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Аманжолов, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Гура, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Шал, Иран Ғайып «Естайдың Қорланы» – Естай, Т.Ахтанов «АНТ» -Семеке хан, т/б.
Мемлекетік марапаттары:
1995ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»
2007ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен марапатталды.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

