Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Қазақ өнерінің кезекті жеңісі: «Қаһар» моноспектаклі Шри-Ланкада топ жарды

Қазақ өнерінің кезекті жеңісі: «Қаһар» моноспектаклі Шри-Ланкада топ жарды

22-28 тамыз аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен XII халықаралық Коломбо театр фестивалінде (Colombo International Theatre Festival) отандық театр өнері биік белесті бағындырды. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахналаған «Қаһар» спектаклі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Француз драматургі Жан Ануйдың шығармасы негізінде режиссер Дина Жұмабаеваның қолтаңбасымен сахналанған бұл моноспектакль фестивальдің ең басты марапаты – «Үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды. Ал қойылымда күрделі әрі терең психологиялық образды шебер сомдаған актриса Аида Жантілеуова «Үздік актриса» жүлдесін қанжығасына байлады.

Қазақ өнерінің кезекті жеңісі: «Қаһар» моноспектаклі Шри-Ланкада топ жарды

Биылғы XII халықаралық Коломбо театр фестивалі ауқымы жағынан өте тартысты өтті. Өнер додасына Канада, Үндістан, Дания, Польша, Италия, Сербия, Армения, АҚШ және Испания сияқты театр өнері дамыған елдерден келген үздік ұжымдар қатысты. Осындай халықаралық бәсекеде қазақ театрының шоқтығы биіктеп, бас жүлдені иеленуі – отандық режиссура мен актерлік шеберліктің әлемдік деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.

Сәйкес жаңалықтар

Құттықтау!

admin

Fashion Wearing Shirt Top and Pink Skirt

admin

Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан “Жаңа күн” бағдарламысының “Кітап сөресі” айдарында.

admin