Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Сағат Жылгелдиев

admin

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  артисі

Жылгелдиев Сағат1954 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,  Аққыр ауылында дүниеге келген.
1970-1972 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындаға актерлік студияны  тәмамдады.
1974-1977 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының «Актер» мамандығы бойынша білім алды.
1977-1997 жылдары  Талдықорған облыстық )азақ драма театрында актер болып еңбек етті.
1997 жылдан бері  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Талдықорған театрында:
М.Әуезов «Қарагөз» — Сырым, «Абай» — Айдар, «Хан Кене» — Нысанбай (1978ж), Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» — Ақан (1979ж), Б.Майлин  «Шұға» — Әбіш (1980ж), Қ.Ысқақ  «Таңғы жаңғырық» — Бақтығұл (1982ж), А.Бек «Волоколам тас жолы» — Бауыржан Момышұлы (1985ж), Ш.Мұртаза «Сталинге хат» -Т.Рысқұлов (1988ж), Ш.Айтматов «Жәмила» — Данияр, Т.Қалилаханов «Ақын сарасында»  — Біржан сал (1990ж), У.Шекспир «Асауға-тұсау»  — Петручио (1991ж),  І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» -Махамбет (1995ж), т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
О.Дастанов «Әзірет сұлтан» -Қожа Ахмет (1998ж), С.Балғабаев  «Ең әдемі келіншек» — Абдолла, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді» — Оразқұл, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» — Шеге, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» — Аманжолов, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» — Гура, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» — Шал, Иран Ғайып «Естайдың Қорланы» — Естай, Т.Ахтанов «АНТ» -Семеке хан,  т/б.
Мемлекетік марапаттары:
1995ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген  артисі»
2007ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы»  медалімен   марапатталды.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;