Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Өнер иелеріне – жоғары құрмет

Өнер иелеріне – жоғары құрмет

Республика күні қарсаңында театр ұжымының бірқатар майталмандары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Өнерде өшпес із қалдырған дарынды актер Әсет Иманғалиевке «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Өнерге өмірін арнап, сахнада сан қырлы бейнелерді сомдап, қазақ театрының дамуына жарты ғасырдан астам уақыт үлес қосқан Гүлжамал Қазақбаева «Қазақстанның халық артисі» атанды. Сонымен қатар, өнер саласында ұзақ жыл еңбек еткен, шығармашылық жолда табандылық танытқан талантты актерлер Қадірбек Демесін мен Сағызбай Қарабалин «Парасат» орденімен марапатталды. Әріптестерімізді құрметті атақтарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Өнер иелеріне – жоғары құрмет

Өнер иелеріне – жоғары құрмет

Өнер иелеріне – жоғары құрмет

Сәйкес жаңалықтар

Ғ.Мүсірепов атындағы театр премьераға шақырады

admin

Бір сен үшін тудым… (Ромео – Джульетта)

admin

Қуаныш пен қобалжу: Алматыда ұзақ үзілістен кейін театрлар қайта ашылды – видео

admin