Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Театр репертуары жаңа қойылыммен толықты

Театр репертуары жаңа қойылыммен толықты

28-29-30-31 қазан күндері сағат 18:30-да Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Жанат Хаджиев атындағы эксперименталды сахнасында Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасы желісі бойынша сахналанған спектакльдің премьерасы өтті. Қойылымның режиссері – Рача Махатаев.
«Шие бағы» — адамның ішкі күйзелісі мен өмірдің өткінші екенін суреттейтін терең философиялық туынды. Бұл спектакль – өткеннен қол үзе алмау мен жаңашылдыққа қадам басу арасындағы күрес, уақыттың өтуі мен өзгерістің заңдылығын қабылдау, адамның тағдыр алдындағы дәрменсіздігі туралы сыр. Өмір мен өлімнің, шындық пен елестің арасындағы нәзік шекараға ой жүгіртіп, мәңгіліктің мәнін іздеуге жетелейтін туынды.

Сәйкес жаңалықтар

ӘШІРБЕК СЫҒАЙДЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

admin

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАЗА СӨЙЛЕЙТІН ОҚУШЫ ЛЮБОВЬ ДУДЧЕНКО МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН РОБОТ ЖАСАДЫ

admin

Текті туған «Телғара»

admin