Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«Ұлпан» спектаклі Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестивалінде

«Ұлпан» спектаклі Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестивалінде

2025 жылдың 20–25 қазан аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестивалінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ұлпан» (авт.: Ғабит Мүсірепов, реж.: Гүлназ Балпейісова) спектаклімен өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Театрдың суретші-сценографы Айнұр Есболатова «Ұлпан» спектакліндегі жұмысы үшін «Үздік сценография» номинациясын иеленді. Сондай-ақ театр актерлерінің шебер ойыны да назардан тыс қалмады. Әсет Иманғалиев – «Ұлпан» спектакліндегі Есеней ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленсе, Нариман Егімбеков«Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясына лайық деп танылды.

«Ұлпан» спектаклі Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестивалінде

«Ұлпан» спектаклі Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестивалінде

«Ұлпан» спектаклі Х Халықаралық «Арт-Ордо» театр фестиваліндеБұл жетістіктер – Ғабит Мүсірепов атындағы театр ұжымының кәсіби деңгейінің, шығармашылық бірлігінің және қазақ театрының биік өнерге адалдығының айқын көрінісі.

Сәйкес жаңалықтар

Ғ. Мүсірепов театры шілде айында да көрерменін күтеді

admin

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

admin

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымы ашылады

admin