Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Халық әртісі Роза Әшірбекова өмірден өтті

«Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас қазаға ұшырады. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, қазақ сахна өнерінің саңлағы, ҚР Халық әртісі Роза Әшірбекова 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Роза Әшірбекова 60 жылдан аса уақыт Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті. Актрисаның алғашқы рольдерінің бірі – Б.Тәжібаевтың «Қарагөз қарындасым» спектакліндегі Анна бейнесі.

Театр сахнасында сомдаған Ләззат (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Хадиша, Сейде (Ш.Айтматовтың «Арманым Әселімі» мен «Бетпе-бетінде»), Шафақ (М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Гертруда (У.Шекспирдің «Гамлетінде»), Гиацинта (Мольердің «Скапеннің айласында»), Аркадина (А.Чеховтың «Шағаласында»), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің «Адам аласы ішіндесінде») рөлдері Роза Әшірбекованың кәсіби шеберлігін танытып, қазақ сахна өнері тарихындағы шоқтығы биік бейнелерге айналды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Сахна сырлары” ҚР еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері – Кәдірбек Демесін.

admin

Бүгін Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді.

admin

Әсет Иманғалиев: «Бекежанды ойнағым келеді»

admin