Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ 77 МАУСЫМЫН АШАДЫ!

Көркем өнерге қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан өнер ордаларының бірі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 7 қыркүйек күні 77 маусымын салтанатты түрде ашады. 

Биылғы театр маусымының ерекшелігі –  балалар репертуарына басымдық беріліп, бүлдіршіндерге түрлі форматтағы, сан қилы режиссерлік интерпретациядағы қойылымдар ұсынылатын болады. Солардың алғашқысы, маусым шымылдығын түретін «Ойнайық та, ойлайық» интерактивті спектаклі. Балаларға арналған спектакль сахналаудағы тәжірибесі мол жас режиссер А.Зайцев театрдың кіші залында алғаш рет балғын бүлдіршіндерге қызықты қойылым ұсынады. Асыр салып ойнап, қызыққа тоймайтын естеліктер туралы қойылымнан кішкентай балдырғандар ғана емес, кез-келген жастағы көрермендер ерекше әсерге бөленері анық.

Мөлдір өнердің мерейін асқақтатуды басты мұраты санайтын театр ұжымы жаңа маусымды «Құлагер»(реж.: Ф.Молдағали) қойылымымен аша отырып, қыркүйек айын қарт Каспий жағалауындағы Ақтау, Жаңаөзен қалаларына гастрольдік сапармен жалғастырады. Гастрольден оралған театр ұжымы көрермендеріне Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклінің премеьерасын ұсынатын болады.

7 ҚЫРКҮЙЕК – 77 МАУСЫМ АШЫЛУЫНЫҢ  БАҒДАРЛАМАСЫ:

7 қыркүйек, сағат 11:00-де балаларға арналған «Ойнайық та, ойлайық» (реж.: А.Зайцев) интерактивті спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫ. 

Сағат 17:00-де жаңа маусымда атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар, фестивальдер мен гастрольдер, театр ұсынатын премьералар туралы кеңінен айтылатын БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді.

Конференцияға театр директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Есеналиев, театрдың көркемдік жетекшісі, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Фархад Молдағали, театр режиссерлері Мұрат Ахманов, Дина Жұмабаева, театр артисі, ҚР Еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаева, қатысады.

Сағат 18:30 – да бірнеше Халықаралық, Республикалық театр фестивальдерінің жеңімпазы, өз көрермендерін тапқан қазақ әдебиетінің қайталанбас туындысы «Құлагер» (реж.: Ф.Молдағали) қойылымымен жаңа маусымның шымылдығы түріледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРДА

admin

Роза апамыздың орындауында Т.Айбергеновтің шығармаларынан үзінді

admin

Ескерткіш тақта ашылды

admin