Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

ҚАЗАҚТЫҢ «ҚҰЛАГЕРІ» МӘСКЕУДЕ!

ҚАЗАҚТЫҢ «ҚҰЛАГЕРІ» МӘСКЕУДЕ!

«ҚҰЛАГЕР» поэмасы қазақ театры тарихында ең алғаш болып Ғ.Мүсірепов театрының сахнасында қойылғаны көпшілікке мәлім. Ал, қазіргі таңда еліміз Мүсірепов театры арқылы ЕҢ АЛҒАШ РЕТ 20 мамыр мен 8 қазан аралығында өткізілетін А.Чехов атындағы Халықаралық театр фестивалінің ҚАТЫСУШЫСЫ АТАНБАҚ!

1992 жылы театр одақтарының Халықаралық конференциясы қолдауымен құрылған фестивальдің басты мақсаты – көрермендерге әр елдің қойылымдарының ең таңдаулыларымен таныстыру болып табылады.

Фестиваль тарихына көз жүгіртетін болсақ, әлемнің 54 елінен 600 ден астам қойылым көрсетілген. Ерекшелігінің бірі – фестиваль аясында театрлық көше бағдарламасы ұйымдастырылады. Қатысушылар қаланың әртүрлі аудандарындағы ашық алаңдарда өнер көрсетеді.

Сүйікті театрларыңызға сәттілік тілеп, Құлагердей сайгүліктің тақымын қысып отыруға мархабат!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан “Жаңа күн” бағдарламысының “Кітап сөресі” айдарында.

admin

АЛБАНИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫҚ

admin

Ақтоты Райымқұлова: «Елімізде 3 212 қолданбалы шығармашылық үйірме, балаларға арналған әуесқой бірлестік пен клуб жұмыс істейді»

admin