Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН КЕЗЕКТІ ПРЕМЬЕРА

КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН КЕЗЕКТІ ПРЕМЬЕРА

Маусым айының 6-шы жұлдызында “ОПТИМИСТІК ТРАГЕДИЯ” (авт.: В.Вишневский, реж.: С.Левицкий) спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫ өтті!

Алғашқы көрермендердің қойылым барысында жүз түрленген эмоцияларынан көрсетілімнің көңілдерінен шыққанын аңғармау мүмкін емес

“Оптимистік трагедия” спектаклінің тұсаукесеріне бізбен бірге куә болған талғампаз көрермендерімізге алғысымыз шексіз.

Бұл спектакль – соғыстың адам өмірінің құндылықтарын жойып жіберетін жойқын және мағынасыз элементтер туралы. Бұл – адамгершілік пен адами қасиеттердің өзегі бұзылған кезде кезігетін барлық жамандық атаулыға жол берушілік туралы.

Қойылым – зорлық-зомбылыққа баратындар мен ондай арсыздықты ақтап алатындарға, оны насихаттаушылар мен озбырларға қарсы көркем наразылықтың белгісі. Соғысты қолдайтындар, ақтап-жақтайтындар да бар… Бұл – сол сұм соғысқа қарсылық іспетті.

«Театр ішіндегі театр» техникасы – актерларға кейіпкерлерді сомдамай, оларды көрермендер алдында сол жерде осы қазір ғана көргендей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Оптимистік трагедия» – көрерменді бей-жай қалдырмайтын, тақырыптары жарқын да батыл формалар арқылы өрбіп, заманауи сахналық театр тілімен жеткізілетін көркем қойылым.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтеді

admin

Новый формат Наурыза предлагает министр Мухамедиулывчера

admin

Мұқағали Мақатаевтың елесі театр сахнасынан көрінгені рас па?

admin