Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Сахнагер» саңлақтарды марапаттады

Қазақстан театрлары ассоциациясы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­ры­ның қолдауымен кеше «Сах­нагер- 2018» ұлттық театр жүлдесінің жеңімпаздарын анық­тап, марапаттады.

Осымен екін­ші рет өткізіліп отырған ұлт­тық бәйгенің биылғы жаңа­лы­­ғы – тек театр төңірегінде жүр­­ген таланттарды ғана емес, опе­­ра, балет, өнертану секілді өнер­­дің бірқатар салаларында жүр­ген үздіктер үшін де жүлде тағайындағаны болды. Байқау бір жылғы шығармашылық ж­ұ­­мыстарды сарапқа салып, қа­ра үзіп келген дараларға 18 ата­лым бойынша сыйлық табыстады. Байқаудың талап үдесінен шыққан таланттардың бәрі М.Лермонтов атындағы мем­ле­кеттік академиялық орыс театрын­да өткен салтанатты кеште бас қосып, өнер адамдарының ғана емес, өзге санаттағылардың да қызығушылығын оята баст­а­­ған «Сахнагер» сый­лы­ғының қуан­ы­шын бірге бөлісті. Салтанатты шараны Қазақстан театрлары ассо­циа­циясының пре­зиденті, КСРО халық әр­тісі, КСРО және Қазақстан мем­ле­кеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театрының ди­ректоры Асхат Маемиров құт­тық­тау сөзбен ашты.

Ассоциация кеңесінің шеші­мі­мен анықталған үздіктер қата­ры­ның қарасы былтырғыға қар­ағанда биыл әлдеқайда мол көрінді. Бір ғана «Үміт» жүл­десі жеңімпаздары есі­мінің ұзын саны отызға жетіп жығылғанын айтсақ та, жеткілікті болар дейміз. Республика театр­ларында еңбек етіп, әртүрлі өнер жобаларында жарқырай көрініп жүрген жас әртістердің әрқайсысы арнайы дип- лом мен 200 мың теңгені еншіледі.

«Сахналық ғұмыр» аталымы бар саналы өмірін «театр дейтін бір сиқырға» арнап, сахнаның жанкешті сарбаздарына айналып, ұлттық театр өнерінің дамуы үшін айрықша еңбек сіңіріп келе жатқан жеті майталманға табысталғаны жалпы жұртты тебірентті. Олар – М.Әуезов театрының абыз әртісі Сәбит Оразбаев, Н.Сац театрының саңлағы Татьяна Тарская, «ТЮЗ»-дың талантты актрисасы Роза Әшірбекова, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театрының дарабозы Бекен Имаханов, осы театрдың іргесін көтеріскен ірілердің бірі Күләш Сакиева, Мемлекеттік қуыршақ театрының марғасқа әртісі Сә­билә Әбуова және белгілі режиссер Рубен Андриасян.

«Үздік актерлердің» қата­рын­да Роман Чехонадский, Дәу­рен Серғазин, Айнұр Берді­мұ­хамедова, Антонина Пяк, Төлеубек Аралбай, Кенжебек Башаров, Толқын Нұрбекова, Гүлбахар Насырова, Болат Момынжанов аталса, сондай-ақ «Үздік менеджер» болып Берік Жәменов, «Үздік сыншы» Әлия Бөпежанова, «Үздік театртанушы» Еркін Жуасбек, «Үздік драматург» ақын Иран-Ғайып, «Үздік сахна суретшісі» Бақыт Сраилов, «Үздік режиссер» Наталья Дубс көрермен құрметіне бөленді. Ал Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосып, «Астана Опера» театрындағы қойылымдарда жә­не алыс-жақын шетелдерде сәтті өнер көрсетіп жүрген Сүндет Байғожин «Үздік опера сол­исі», осы театрдағы әріптесі Мәдина Басбаева «Үздік балет әр­тісі» атанды. «Театр өнері­нің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» аталымы бойын­ша тағайындалған жүлделер та­ғы да бір­қатар сахна өнерінің сайып­қы­ран­да­рына бұйырып, олардың бәрі де Халық­ара­лық театр күні өнерге қызмет етіп жүр­ген­дердің баршасын қуанышқа бөлейтін «Сахнагер» сыйлығы үшін алғысын білдірді.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ

Ақпарат көзі: https://egemen.kz/article/166682-sakhnager-sanhlaqtardy-marapattady

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театр тынысы: маусымдағы маңызды оқиғалар

admin

Алматинский театр юного зрителя празднует 70-летие

admin

“Әңгіменің ашығы” ток-шоу бағдарламасы. Қарашаңыраққа – 70 жыл.

admin