Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Мерей Әжібеков

admin

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b9-%d3%99%d0%b6%d1%96%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%be%d0%b21985 жылы 25 қазанда Талдықорған қаласында дүниеге келген.
2005-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Драма театр және кино» актер мамандығын бітірген.
2009 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып қызмет атқарады.
Ойнаған рөлдері:
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нүктебек, Е.Аманшаев «Балкон» – Милиция, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Кириск, А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Васенько, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Соқыр, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Дәурен, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Индус, ханзада, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – молда, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Бе-бе, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Сауысқан, т/б. .
Балаларға арналған спектакльдерде:
Хан де Эн «Су патшасы» – ер қоян, Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – Әлім, Ө.Боранбаев «Батыл көжектер» – аш көжек, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Тузик (ит), «Томпақ қонжық» – Бөрібасар, Р.Киплинг «Маугли» – маймыл, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Алдар, т/б.