Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ЖЕТПІСТІҢ ЖЕЛКЕНІН КЕРГЕН ТЕАТР

14 қазан күні Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академия­лық балалар мен жасөспірімдер театры өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесі күні А.Тол­стойдың «Алтын кілт» пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кесті. Спек­такльді балалар театрының негізін қала­-ған режиссер Н.Сац қойды. Ол Қазақ­стандағы жас жеткіншектерге арналған театрдың ашылуы мен қазақ труппасы­ның өз алдына шымылдық көтеру жұ­мыстарына тікелей бел шеше араласты.
Театрдың қазақ труппасындағы ал­ғаш­қы қарлығаштары – Аққағаз Мәм­бе­това, Жамал Бектасова, Қасым Жәкі­баев, Камаси Өмірзақов, Тамара Қосыбаева сияқты өнер тарландары «Алтын кілт» спектаклінде басты рөлдерді ойнайды. Сонымен бірге, театрдың шаңырағын көтерісіп, керегесін керіскен Т.Жар­мұхамедова, Е.Қонақбаев, Ы.Қасымов, Қ.Жаманов, Н.Бәйімбетов, С.Ысқақова, Х.Әзімбаева, С.Омарходжаева есімдері де айрықша ілтипатпен аталады. Олардың ізін баса әр жылдарда театрға келген сах­-на шеберлері Қазақстан Республикасы­ның халық артистері: Б.Қалтаев, С.Сат­тарова, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова, М.Бақтыгереев, Р.Әшірбекова, А.Кенже­ков, Д.Жолжақсынов, Т.Мейрамов, Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген артистері: М.Құланбаев, Б.Құланбаева, М.Жақсымбетова, К.Мұраталиева, А.Айдар­беков, С.Есенқұ­лов, К.Қажыға­лиева, Г.Қазақбаева, Л.Кә­ден, Т.Құра­лиев, К.Демесін, А.Бек­теміров, Е.Тө­леу­бай, С.Жылгелдиев, Ж.Лебаева, С.Қа­рабалин сияқты өнер майталмандары келді.
Талай таланттарды түлеткен театрға арнап Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова арнайы құттықтауын жі­берді. Құттықтауды Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова оқып берді. Құттықтауда: «70 жылдық тарихында театр қаншама таланттарды танытты, талантты жазушылардың та­ны­мал шығармалары сахналанды, дарынды актер мен актрисалардың алтын бесігіне айналды. Бұл театр – халықтың ыстық ықыласына бөленген өнер ордасы. Қа­зақтың театр өнерінің киелі мекені» де­лінген.
Сондай-ақ әріптестерін құттықтау үшін Қазақстан театр қайраткер одағы басшылығы, еліміздегі театр ұжымдары арнайы келді. М.Әуезов атындағы ака­демиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов бастаған топ ізгі тілектерін жаудырды.
Балалар мен жасөспірімдер театры болып аталғанымен қазақ әдебиетінің ұлы жазушылары Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсі­репов, Шерхан Мұртаза, Дулат Исабе­ков­тың туындыларымен қатар орыс, батыс классиктерінің де, өзге халықтардың таң­даулы туындылары да сахналанып келеді. Қазір театрдың репертуарында 30 қойы­лым бар.
Мерейтойда «Алтын кілт» спектаклі­нен бастап театр тарихында қойылған спек­такльдерден үзінді қойылды. Кеш соңы театрландырылған қойылымға ұласты.

Беттi дайындаған Гүлзина БЕКТАС, Айдана НҰРМҰХАН

Ақпарат көзі: http://aikyn.kz/ru/articles/show/29898-zhetp_st_zhelken_n_kergen_teatr

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театр – тәрбие көзі

admin

Ерболат Тоғұзақов жəне Бақыт Тушаев Технодом сауда үйі жарнамалық ролигінің түсірілімінде. #ТЕХНОДОМ

admin

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

admin