Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Лидия Кәденова әже атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова әже атанды. Лидия Кәденованың жалғыз ұлы, актер Дидар Кәденге Айым есімді жары ұл сыйлады.

Бұл туралы Дидар  Кәден өзінің инстаграммдағы парақшасында хабарлады.

«Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір! Құттықтауларыңзға рахмет!» – деп жазды Дидар парақшасына.

Айта кетейік, Дидар Кәден актерлікпен қатар әншілік қырынан танылған талантты жас. Ол қазақстандық «Шлагбаум» атты фильмде басты рольдердің бірін сомдаған. Дидар мен Айымның 2015 жылдың  8 қараша үйленген болатын.

https://www.instagram.com/p/BLtErpAjVs_/

Ақпарат көзі: http://www.inform.kz/kz/lidiya-kadenova-azhe-atandy_a2960421

Сәйкес жаңалықтар

Данияр Базарқұлов: Тұзардың кейпін кешкендіктен, «Қара шекпен» маған қатты әсер етті

admin

Бүгінгі апталық кеңесіміз ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ арналып, Тараз қаласында өткен “Тұңғышбай Əл-Тарази Таразға шақырады” халықаралық театрлар фестивалінің жүлдегерлерін марапаттаумен жалғасты. Фестивальге Г.Хугаевтың “Қара шекпен” спектаклі қатысып, қойылымның басты рольдерін сомдайтын артистеріміз, атап айтсақ, Лидия Кəден – “Ең үздік əйел бейнесі”, Ербол Садырбаев – “Ең үздік ер адам бейнесі” номинациялары бойынша жеңіске жетті. Шын жүректен құттықтаймыз! Мүсірепов театры жасасын!

admin

23 қазан күні театрымыздың балетмейстері Ринат Билибаевтың туған күні. Шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық биіктер тілейміз!

admin