Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Қазақстан театр қайраткерлері одағы дәстүрлі «Еңлікгүл – 2026» кәсіби театр сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімін өткізді

Қазақстан театр қайраткерлері одағы дәстүрлі «Еңлікгүл - 2026» кәсіби театр сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімін өткізді

26 қараша күні Қазақстан театр қайраткерлері одағы дәстүрлі «Еңлікгүл – 2026» кәсіби театр сыйлығын табыстады. Салтанатты рәсім «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.

«Еңлікгүл» сыйлығы – еліміздің театр саласындағы ең беделді әрі мәртебелі марапаттарының бірі. Ол ұлттық театр өнерін дамытуға, қоғамның мәдени-рухани өмірін байытуға елеулі үлес қосқан әртістердің, режиссерлердің және сахна мамандарының кәсіби шеберлігін дәріптеу мақсатында тағайындалған.

Осы жылы, театрымыздың үш қызметкері «Еңлікгүл – 2026» кәсіби театр сыйлығына ие болды. Атап айтар болсақ, Аманжол Ержанұлы «Қорғансыз», «Ақбілек. Түс», «Көкірек көзі оянғандай» спектакльдеріндегі жұмысы үшін «Жылдың үздік музыкалық көркемдеушісі» номинациясын иеленді. Көркемдік жетекші Дина Жұмабаева «Қорғансыз» драма трилогиясы, «Карлсонның қайта оралуы» спектакльдері үшін «Жылдың үздік режиссері» аталымына лайық деп танылды. Актриса Аида Жантілеуова «Қорғансыз» спектакліндегі Қарагөз ролі, «Ревизор» спектакліндегі Шпекина ролі, және «Ақбілек. Түс» қойылымындағы өнері үшін «Жылдың үздік актрисасы» номинациясымен марапатталды.

Қазақстан театр қайраткерлері одағы дәстүрлі «Еңлікгүл - 2026» кәсіби театр сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімін өткізді

Қазақстан театр қайраткерлері одағы дәстүрлі «Еңлікгүл - 2026» кәсіби театр сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімін өткізді

Әріптестерімізді аталмыш марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сәйкес жаңалықтар

“Құнанбай” фильмі. Қамқа рөлінде театрымыздың актрисасы – Толқын Нұрбекова.

admin

Театрымызда лауазымдық ауысу!

admin

Құрметті əріптестер! Қуаныштарыңыз құтты болсын! Қазақ театры жасасын!!!

admin