Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Жастар театры бүлдіршіндерді қуантып қайтты.

Жақында АССИТЕЖ орталығының атынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы «Зерде» ауытқулары бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының балдырғандарын қуанышқа кенелтіп қайтты. Мәдениет үйінде білім ордасының 170 оқушысы Ө.Боранбаевтың «Ер көжек» атты музыкалық ертегісін тамашалады. Қызыққа кенелген балалар кейіпкерлермен бірге қиял-ғажайып ертегілер әлеміне саяхат жасап, естен кетпес оқиғаларды бастан кешті.

Естеріңізге сала кетсек, АССИТЕЖ – балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлардың халықаралық қауымдастығына Қазақстан 84-ші мемлекет болып кірген болатын. Оның негізгі жұмысы – балалар мен жасөспірімдерге әртүрлі фестивальдер өткізу болып табылады. Аталған халықаралық қауымдастық құрамына Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрымен қатар, Астана қаласының Жастар театры, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен өнер колледжі кіреді.

Жастар театрының талантты актерлері балаларға тамаша тарту жасады. АССИТЕЖ орталығының атынан балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлаған театр басшысы мен өнер ұжымына алғысымызды айтамыз, – деді мектеп – интернатта 22 жылдан бері тәрбиеші қызметін атқарып келе жатқан Бақытжан Саржанова.

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген даналық бекер айтылмаған. Бүлдіршіндердің кіршіксіз көңілін қуанышқа толтыратын қайырылымдылық шаралар көп болсын деп тілейміз.

Гүлназ Теменова

_DSC0254
_DSC0278_DSC0353.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» дастаны сахналанды

admin

20 11 Студия қонағы ЕДІЛ РАМАЗАНОВ

admin

Ақордада танымал тұлғаларға мемлекеттік наградалар тапсырылды

admin