Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

«ЖАМБЫЛДАН – АМАНАТ» концерт-спектаклі өтті

23 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлескен «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі өтті.
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.
Концерт-спектакль жасынан жыраулығымен танылған ақын, жыршы Сүйінбай Аронұлы мен оның шәкірті Жамбылдың кездесуінен басталып, Жамбылдың бала күнінен есейген шағына дейінгі өмірін бейнелейді.
Жамбылдың «Жамбылдың Айкүміспен айтысын», «Угәй-ай», «Алатау» әндері, «Қазақстан тойына», «Ақын болдым он үште», «Ленинградтық өренім» жырлары театр артистерінің орындауында көрерменге ұсынылды.
Жамбылдың әндері мен жыр жолдарына құрылған жоба бір сәтке Жамбыл әлеміне енуге мүмкіндік берді.
Қойылымды Құрманғазы оркестрі жанды дыбыспен сүйемелдеді. Дирижер, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, Мемлекетік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. Режиссері –Данияр Базарқұлов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жаңа Конституция. Қазақстанда референдум өтеді

admin

“Жарқын бейне” бағдарламасы. Актер, Қазақстанның Халық әртісі Қасым Жәкібаевты еске алу

admin

Театрымыздың жас актеры Ернат Күншібаевты туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, басына амандық, еңбегіне жеміс, шығармашылық шыңдар мен биік белестерді бағындыруын тілейміз!

admin