Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«ЖАМБЫЛДАН – АМАНАТ» концерт-спектаклі өтті

23 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлескен «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі өтті.
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.
Концерт-спектакль жасынан жыраулығымен танылған ақын, жыршы Сүйінбай Аронұлы мен оның шәкірті Жамбылдың кездесуінен басталып, Жамбылдың бала күнінен есейген шағына дейінгі өмірін бейнелейді.
Жамбылдың «Жамбылдың Айкүміспен айтысын», «Угәй-ай», «Алатау» әндері, «Қазақстан тойына», «Ақын болдым он үште», «Ленинградтық өренім» жырлары театр артистерінің орындауында көрерменге ұсынылды.
Жамбылдың әндері мен жыр жолдарына құрылған жоба бір сәтке Жамбыл әлеміне енуге мүмкіндік берді.
Қойылымды Құрманғазы оркестрі жанды дыбыспен сүйемелдеді. Дирижер, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, Мемлекетік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. Режиссері –Данияр Базарқұлов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бүгінгі ертегіні тамашалауға келген Іле ауданы бала-бақшасының тəп-тәтті балапандары. Бала-бақша ұжымы мен балақайлардың ата-аналарына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Театрдың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін Іле ауданынан келген көрермендеріміз тағы бір дәлелдеп берді. Қара шаңырағымыздың тәрбиелік мәні зор қойылымдары мен ұлтымыздың мәдениетін, дəстүрін бойына сіңіріп өскен балалар – болашағымыздың жарқын бейнесі!!! Бүлдіршіндеріміз аман болсын!

admin

«Тағдыр тақтасы» премьерасы

admin

Ғ. Мүсірепов театрының жаңа басшы қандай өзгеріс әкелді?

admin