Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

“Мұз патшайымы” спектаклі қойылды

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Мұз патшайымы” спектаклі қойылды.

Жаңа жыл қарсаңында көрермен назарына ұсынылған қойылымның алғашқы премьерасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасыларға қайырымдылық мақсатында тарту етілді. “Мұз патшайымы” музыкалық спектаклі Ганс Кристиан Андерсен мен Евгений Шварц ертегілерінің желісі бойынша жасалған. Қойылымға 1200-ге жуық жағдайы төмен балалар қатысып, адамзат пен табиғатты байланыстыратын тың туындыға тәнті болды. Одан соң Алмалы әкімдігі бүлдіршіндерге мерекелік концерт ұйымдастырып, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Бауыржан Жақсымбет

Ақпарат көзі: https://qazaqstan.tv/news/120616/

Сәйкес жаңалықтар

«ӨМІР СЫНАҒЫ» МЕН «ШАЛҒАЙДАҒЫ ОҚИҒА» ТЕЛЕХИКАЯЛАРЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕДІ

admin

Наурызбай ауданында ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі өтті

admin

Сұлу Көкше төрінен келе жатқан əріптестерді күтіп алу рəсімі. Құрметті, əріптестер! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

admin