Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Жақсыбек Құрманбеков

admin

Мәдениет қайраткері

%d0%b6%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%8b%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%be%d0%b21945 жылы, 1 қаңтарда ОҚО облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік өнер институтының актер бөлімін бітірген.
1973-1975 жылдары Торғай облыстық  қазақ музыкалық драма театрында еңбек етті.
1975 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
Торғай театрында:
М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Шал, «Қарақыпшақ  Қобыланды» -Қараман,  М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақсақал, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
И.Савин, Ж.Тәшенов «Қыздар ай» -Үлкен атай, «Студенттер» – Ғали, С.Жүнісов «Әр үйдің еркесі» – Кәрімбай  Асқаров,  Б.Мұқай «Қош бол, менің ертегім» – Қожабек, У.Шекспир «Гамлет»  -Король, С.Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» – Үсен, Н.Оразалин «Көгілдір терезе» – Жігіт, А.Шамкенов «Сен жалғыз емессің» – Ербол Ермеков, О.Бодықов «Отырар ертең қирайды»-Қолбасшы, Қ.Ысқақ « Апа-апатай» – Шал,  Қ.Жетпісбаев « Алтыатар» -Доғал, М.Хасенов «Қайсар» – шахтер, «Пай пай, жас жұбайлар ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Әке мен бала» -Хулиган, М.Әуезов «Алуа» – Ораз, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» , «Ақан сері – Ақтоқты» – Жылкелді, О.Бөкей «Жау тылындағы бала» – Жомарт, «Қар қызы» – жендеттер, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» – 1-ші Чекис, Т.Минниуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Ғалым, «Алау жалды арғымақ» -Данко, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – етікші шал, М.Әуезов «Ай Қарагөз» – Жабай, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Кроссворд шешкіш, Т.Ахтанов «АНТ» – Сейітқұл,  т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2000ж. «Мәдениет қайраткері»
2009ж. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.