Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ЖҮГЕНІ КҮМІСТЕЛМЕЙ КЕТКЕН ЖҮЙРІК ЕДІ…

Қазақ театр өнерінің, қазақ театр режиссурасының тағы бір бәйтерегі құлады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры Жанат Хаджиев 68 жасында өмірден өтті.

Ол С.Қожамқұлов атындағы Жез­­қазған қазақ музыкалық драма театрын көтерген тұлғалы режиссер еді. Өткен ғасырдың сексенінші жыл­­дарынан бастап сол театрда бас ре­жиссер болып еңбек етті. 1999 жылы өзі туып-өскен Жетісуға орал­ды. Содан бастап Ғ.Мүсірепов атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық балалар мен жасөспірімдер теа­трын­да режиссер болып еңбек етті және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясында ұстаздық етіп, шәкірт дайындау ісіне атсалыс­ты.
Қазақ театр сахнасында 100-ден астам спектакль қойған режиссер ең алғаш 1985 жылы Тбилиси қаласында өткен Жастар театрларының Халық­ара­­лық фестиваліне «Қыз махаббаты» (авт. Ә.Тарази) спектаклімен қаты­сып жүлделі орынға ие болыпты. Одан кейінгі жетістіктерін көктей шо­лып шықсақ, 1989 жылы Бішкекте өткен Орта Азия мен Қазақстанның «Наурыз» атты театр фестивалінде «Қыз Жібек» (авт. Ғ.Мүсірепов) спектаклімен қатысып лауреат атан­ған. 1992 жылы Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығына орай республикалық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қой­ған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спек­таклімен Бас жүлдені жеңіп алған. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде ол қойған «Ерте ояндым…» (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша) спектаклі Гран-при иеленді. 1997 жылы
М.Әуезовтің 100 жылдығына арнал­ған республикалық театр фестиваліне «Қарагөз» спектаклімен қатысты. 1999 жылы Ш.Айтматовтың 70 жыл­ды­ғына арналған Халық­ара­лық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қойған «Арманым – Әселім» (авт.
Ш.Айтматов) қойылымы лауреат атанса, 2002 жылы Махамбеттің 200 жыл­ды­ғына арналған республикалық театр фестивалінде І.Жансүгіровтің Ж.Хаджиев қойған «Исатай мен Махам­бет» тарихи драмасы Гран-при жеңіп алған. 2004 жылы С.Жүнісов­тың 70 жылдығына арналған рес­пуб­ли­калық театр фестивалінде «Тұрымтайдай ұл еді…» (жас Абылай) спектаклі Гран-при иеленді.
Өзі ауырып жатса да, өмірінің соңында жаңа спектакль қоймақ болып, сахнаны іздепті шын саңлақ…
Алдың пейіш, артың кеніш бол­сын, қазақ театр өнерінің мәуелі бәй­те­­регі!

«Айқындықтар»

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2017/04/11/9747.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Дархан Сүлейменов: «Өнер кей кезде қатыгез болуды үйретеді…»

admin

13 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”Дарын”мемлекеттік сыйлығының иегері,керемет әнші,тамаша актриса еліміздің елеулі,халқымыздың қалаулы ерке қызы Әсел Мәмбетова ханыммен тамаша сұхбаттасу болды!!рахмет.

admin

Театрымыздың актрисасы Ақмарал Дайрабаева А. Бисембиннің “Қыз жолы” телехикаясында мектеп директорының орынбасары -Айжан Ахметқызы рөлін сомдауда. #Хабартв #Театр #кино

admin