«Жеті лақ» орыс халық ертегісінің
желісі бойынша Инсц. Ұ.Болатбек
«ТУҒАН КҮН» (музыкалық ертегі)
Қоюшы-режиссер – Шағуан Үмбетқалиев
Қоюшы-суретші – Айдана Бисембаева
Хореограф – Әділет Тәменов
Музыкамен көркемдеуші – Әлібек Қарабалин
Режиссердің ассистенті – Ұлан Болатбек
«Жеті лақ» орыс халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған бұл қойылым – балаларды анаға құрмет көрсетуге, бауырмалдыққа, мейірімділікке, татулыққа, достыққа шақырып, заманауи ән мен бидің үйлесім табуымен қазақша нұсқасында да өз құндылығын жойған жоқ. Бүгінгі таңда қалыс қалып бара жатқан адами қасиеттерді насихаттайтын бұл туынды – балалардың болашақта «адам» болып қалыптасуларына үлесін қосып, сондай-ақ әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын ұғынуларына бағыт сілтейді.
Спектакльдің премьерасы: 30 қазан, 2019 жыл