Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Супер Серкеш

admin

Баянғали  Әлімжанов

«Супер Серкеш» (комедия)

Қоюшы-режиссері – Жанат Хаджиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы-суретшісі – Серікқан Омаров, Мәдениет қайраткері
Киім үлгісінің суретшісі – Дархан Қазақбаев
Музыкасын құрастырған – Жанат Хаджиев 
Балетмейстері – Ринат Билибаев
Сахна сайысын қойған – Мақсат Рахмет
Режиссердің ассистенті – Бейбіт Камаранов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің  көмекшісі – Әлия Әбсаттарова
Заманның сиқы осы ма?.. Адамилықтың құны қайсы?.. Байлықтың буы, ақшаның табы кісіні ісіндірмей қоюы мүмкін бе?.. Жылтыраққа әуестік, жағымпаздықпен сатылау, еңбексіз тегін мал таппақ әуселемізді көтеріп, көсегемізді көгертпек пе?..
Міне, осы заманғы түйткілді сұрақтардың төркіні осындай болып келеді. Бірақ, біз бәрібір, түптің-түбінде адамилық құндылықтың сақталғанын қалаймыз. Соңғылығында, солай болады да…
Құрметті, көрермен!
Ойлы күлкіге құрылған комедиялық қойылымнан ой түйгіңіз келсе, «Супер Серкешті» көріңіз! Бұл – бүгінгінің көп кейіпкерлерінің бірі.
Спектакльдің  премьерасы: 9 қараша,  2016 жыл