Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сауле Жұбанова

admin

Жуванова-Сауле-199x3001983 жылы 21 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.
2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі.
2005 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
С.Сматаев «Көгілдір такси» -Арайлым, Мариям, Клара, «Махаббат сазы» – поэзия кеші, Т.Теменов «Алма бағы» -Гаухар, А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Наташа, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» -Луфти, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – журналист қыз, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Нина, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Ғазиза, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбаев «Ер көжек» – күшік, «Тазша бала» – жезтырнақ, «Батыл көжектер» – түлкі бикеш, «Делдал қарға» – саңырау қасқыр, «Чипполино және оның достары» – құлпынай, «Ғажайып қобдиша» – мысық, «Қорқақ көжек» -күшік, т/б.