Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

Сахна сырлары бағдарламасы “САХНАҒА ҚҰШТАРЛЫҚ”

Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген актриса Гүлжамал Қазақбаева өзінің бойында өнерге деген ынтызарлық бала кезден пайда болғанын айтады. – Әр кеште атамыз Қазақбай, одан қалды әкеміз, әкемнің інілері батырлар жырын, қазақтың эпостары мен аңыз-әңгімелерін мақамдап оқитын.Аңыз-ертегінің желісі менің көз алдымнан кино сынды өтіп жататын. Өсе келе атам бізге де аңыз-ертегілерді дәл солай әдемілеп мәнерлеп оқытатын. Осылайша, менің кішкентай сәби көңілімдегі Құртқа, Баян, Гүлбаршын мен Қыз Жібектер бейнесі идеалыма айналды. Сол арқылы сұлулыққа ғашық болдым, жүрегімдегі өнерге деген құштарлықты сол бір сұлулыққа деген ғашықтық оятты деп ойлаймын, – дейді актриса.

Ақпарат көзі: http://bmtv.kz/kz/telezhoabalar/etnomadeniet/sakhna-syrlary/item/20435-sakhna-syrlary-09-08-16

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры көрермендерімен қайта қауышты

admin

Кто сыграет Назарбаева в новом фильме про Президента

admin

Ғ.Мүсірепов театрында жаңа қойылымның тұсауы кесіледі

admin