Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сәрсен Асыл Асылбекқызы

admin

Асыл Сәрсен

2003 жылы 12 қазанда Атырау қаласында өмірге келген. 2018-2021 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы өнер колледжінде «Музыкалық драма артисі» мамандығы бойынша білім алып, үздік тәмамдаған.

2021 – 2023 жылдары ARTиШОК театрының екі жылдық актерлік-режиссерлік курсын оқыды. 2023 – 2024 жылдары ARTиШОК театрында қызмет етті.

2024 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.

Ойнаған рольдері: «Әпке» (авт.: Дулат Исабеков, реж.: Мейрам Хабибуллин) – Камила, «Болмаған балалық шақ» (авт.: Ақберен Елгезек, реж.: Фархад Молдағали) – Мика, «Номер 13» (авт.: Рэй Куни, реж.: Ерлан Қауланов) – Қызметші әйел, «Туған күн» (инсц.: Ұлан Болатбек, реж.: Шағуан Үмбетқалиев) – Ұрысқақ, «Оптимистік трагедия» (авт.: Всеволод Вишневский, реж.: Сергей Левицкий) – Шенеунік әйел, т.б.