Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

ӘРІПТЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Ол дегеніміз – заман талабына сай өзгерістер мен реформалардың болатындығының айғағы.

Әлем бойынша мойын­дал­ған, жер шарының мемле­кет­теріне кең таралған алты тіл бар. Жаһандану заманында ақпарат алмасудың және техно­ло­гияның тілі – ағылшын тілі болып отыр. Ағылшын тілінің түп-төркіні көне грек, римдегі латын әліпбиінен бастау алған деген тұжырымдамалар айты­лып жүр. Осындай жаһандану кезе­ңінде Қазақстан Республи­касы бүкіл дүниежүзілік ақпарат, жаңа технологиялар, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін латын әліпбиін енгізу, үйрену, меңгеруді қолға алды. Латын алфавиті 1929-1940 жыл­дар аралығында елімізде қолданыста болған. Жалпы мемлекет қолданысындағы әліп­биді ауыстыру қиын әрі күрделі процесс екендігі бәріне аян. Әліпбиді үйрену, үйрету, сауатты жазу, аудармашылық жұмыстарды жүйелі жүргізу сияқты ауқымды жұмыстар атқарылары анық. Латын әліп­биі балабақша, орта мек­тептер, ЖОО-да нақты белгіленген бағдарламалар бойынша оқыты­луы тиіс.

Осы тұрғыда, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Латын әліп­биіне көшу – қазақ тілін халық­ара­лық дәрежеге шығару» саяса­тын; сондай-ақ ұлт бола­шағы – бастауыш сынып оқу­шылары мен балабақшаның мек­тепке даярлау бөлімі бала­­­ла­рына жаңа әліпбимен танысу маңыздылығына мән бере келе, бірнеше драматург-жазушыларға пьеса жазу туралы ұсыныстар жасадық. Нәтижесінде, Әлібек Байбол деген жас драматургтың жұ­мы­­сы қабылданып, театр ре­пертуарындағы бала­лар­ға ар­нал­ған «Бремен музы­кант­тары», «Батыл көжектер» т.б. қойылымдардың режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Сағызбай Қарабалинге «Әріптер әлеміне саяхат» танымдық ертегісінің сахналық нұсқасын жасауды тапсырдық. Бүгінгі таңда «Латын әліпбиіне көшу» тақы­ры­бында алғаш қойылым сах­налаған театр екенімізді үлкен мақтанышпен айта аламын. «Әріптер әлеміне сая­хат» ертегісінің түпкі мақ­сат-мұраты – әріптердің мән-мазмұнына, тереңіне үңіле отырып, кішкентай көрер­мендерге достық деген киелі ұғымды ұғындыру әрі зама­на көшіне ілесе жүріп, оның талап-тілегіне сәйкес болу мақсатындағы латын қар­пі­нің қажеттігін түсіндіру. Бұл ертегі-спектакль арқылы бала­ларымызға қажеттілік пен жүйелілік, танымдылық пен терең білім алудың мәнін, білім деңгейін қалтқысыз шыңдау, білімге деген құштарлық ояту сынды көптеген қасиеттерге баулуды нақты мақсатымыз санадық. Осы қойылым арқылы мектеп оқытушыларының жұмы­сына да оң үлесімізді қосамыз дей аламын.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минис­тр­лігінің қолдауы арқылы ерте­­гіміз қазан айының 1, 2, 3 күндері Астана қаласының жас көрермендеріне ұсынылып, үлкен қошеметке ие болып, ата-аналар, мектеп басшылары аты­нан алғысқа бөленіп кел­ді. Cондай-ақ 9-19 қазан ара­­лығында Қызылорда, Шым­кент, Тараз қалаларының, ал қараша айында Алматы облы­сы­ның бірнеше аудандары мен Талдықорған қаласының жас көрермендеріне ұсынуды жоспарлап отырмыз.

«Әріптер әлеміне сая­хат» танымдық ертегісін рес­­пуб­ли­ка­мыздың барлық өңір­ле­рінің балалары тамаша­ла­са деген ұсыныс та жоқ емес.

Сәбит ӘБДІҚАЛЫҚОВ, Ғ.Мүсірепов атындағы

Қазақ мемлекеттік академиялық

балалар мен жасөспірімдер театрының директоры

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әсет Иманғалиға қару кезенген кім?

admin

Астана Жастар театрының режиссері, актер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Құрманғожаев Бекболат Болатжанұлын мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

admin

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

admin