Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мемлекеттің жаңалықтары

Елбасы Арыстанбек Мұхамедиұлына бірқатар нақты тапсырма жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды.

Мәдениет және спорт министрінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта «Кинематография туралы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның фильмдерін, сондай-ақ шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген кино өнімдерін халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысына 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың әзірлену барысы және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру» атты жолдаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қатысты тапсырманың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

https://www.inform.kz/kz/elbasy-arystanbek-muhamediulyna-birkatar-nakty-tapsyrma-zhuktedi_a3422629

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады

admin

Ақтоты Райымқұлова «Елім-ай» сыйлығын табыстауға арналған жиынға қатысты

admin

admin