Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

МЕН, ҰМЫТЫЛМАЙМЫН

admin

Мұқағали Мақатаев

«МЕН, ҰМЫТЫЛМАЙМЫН…» (лирикалық драма)

Қоюшы-режиссері және сахналық нұсқасын жасаған – Балтабай Сейітмамытұлы ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретшісі –  Серіққан Омаров ҚР Мәдениет қайраткері
Әдерді өңдеген –  Болатбек Нұрқасымов
Режиссердің ассистенті – Қуаныш Тұрдалин
Режиссердің  көмекшісі – Әлия Әбсаттарова
«Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тиясың-ау, қуанышты, күлкіні.
Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген – көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау, бір күні!» – деп жырлаған заңғар ақын М.Мақатаевтың поэзиясымен өрілген «МЕН, ҰМЫТЫЛМАЙМЫН…» атты лирикалық драмасын ұсынамыз.
Әр қазақтың кеудесінде жыр боп жатталған ақын жырларымен сусындап, лирикалық әдемі әлемге бойлағыңыз келсе, спектакльді көруге келіңіздер!
Спектакльдің премьерасы: 20 ақпан, 2014 жыл