Альберт ГЕРНИ
ауд. Ағзия Көлбаева
«Махаббат хаттары» (драма)
Қоюшы-режиссері – Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы-суретшісі – Қуат Түстікбаев
Американдық өршіл сенатор ғұмыр бойы өзімен хат алысқан әйелдің қазасынан кейін өткен өмірін бір сәт еске алады.
Екі жүрек, шөліркеген кейіп… Құнарсыз күлкі мен тамшы көз жасы. Хаттар, хаттар…
Бір-бірін іздеу, сағыну, аңсау, күту, күю мен жану… Әлемнің әр түкпірінде өз өмірлерін сүріп жатса да, алғашқы Махаббатты ұмытпау.
Жан тебірентерлік драманы көріп әсерленгіңіз келсе,
«Махаббат хаттарын» көруге келіңіз! Қойылымда психологиялық толқыныстардан өзге ештеңе де жоқ. Және қажет те емес!
Спектакльдің премьерасы: 18 мамыр, 2016 жыл