Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Мүсірепов театры Ақтауда!

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – шоқтығы биік қойылымдары және дарынды өнер майталмандарымен бірге маңғыстаулық көрермен қауышатын сәтті асыға күтеді.

17, 18, 19, 22 – қыркүйекте балаларға базарлық «Әріптер әлеміне саяхат» атты танымдық ертегісі;

17 қыркүйек С.Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы;

18 қыркүйек М.Мақатаевтың «Мен, ұмытылмаймын…» лирикалық драмасы;

19 қыркүйек С.Балғабаевтың «Енелер мен келіндер» комедиясы;

22 қыркүйек С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы қойылымдарын Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының сахнасында өтеді.

Басталуы: 19.00

Анықтама тел: 60-10-04, 8701-951-43-47

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРДА

admin

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

«Бір түп алма ағашы» – өмірдің өзі

admin