Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОЛЖАЛАР АЗ ЕМЕС

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері жыл басынан бері шетелдік әріптестерімен бірге бірнеше археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, құнды жәдігерлер қатарын көбейтіп отыр.

Мекеме басшысы Гүлмира Мұхтарова­ның айтуынша, алғашқы ізденіс жұмыстары Ра­хат және Өрнек қорымдарында жүзеге ас­қан. Қазақ-кәріс археологтарының бір­ле­суі­мен үш жыл қатарынан үш бірдей Сақ дәуі­рінің қорғандары қазылыпты. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­рық-музейі мен Сеул ұлттық университетінің тарихи зерттеулер институты, Mahan мә­де­ние­ті ғылыми-зерттеу орталығы, Dеhan мә­дени құндылықтар институты заманауи тех­нологияларды пайдалана отырып, әуелі Өр­нек және Рахат қорымдарының топог­ра­фия­лық жоспарын түсірген. Trimble жаб­ды­ғы арқылы қолға алынған жұмыстар бола­шақ­та ArcGIS геоақпараттық жүйесінде кө­рі­ніс табатын болады. Осындай заманауи тех­нологияларды ғылыми-зерттеу ісінде пай­­далану зерттеу объектілерінің нақты стра­тиграфиялық сипаттамасын жасауға, ес­керткіштерді бөлуге және класси­фи­кация­лауға көмектесетін көрінеді.

Аэрофото түсірілімдердің қолданудың ар­қасында Рахат және Өрнек ескерткіш­тері­нің 50 сантиметр көлбеу кеңістіктегі топог­ра­фиялық жоспары және барлық нысанның ор­тофото жоспары бекітілген. – Ортофото жоспар – аэрофото түсі­рі­лім­дер және оларды түрлендіру арқылы нақ­ты геодезиялық деректерге негізделген жер­гілікті жердің фотографиялық жоспары. Осын­дай әдіспен түрлендірілген аэро­тү­сі­рі­лім­дер (ортофото түсірілімдер) кез кел­ген ау­данның Ортофото жоспарын жасау­ға мүм­кіндік береді. Ол өз кезегінде топог­ра­фия­лық, геологиялық және басқа да жоба­лық-зерттеу жұмыстары кезінде аэро-фото түсірілім материалдарын қолдану аясын кеңейте түседі, – дейді Гүлмира Мұхтарова. Сонымен, қысқа уақыт ішінде Рахат қо­рымында (V топ) үлкен көлемдегі жұмыстар ат­қарылған. Әуелі қорғандардың өсімдік қа­баты түсіріліп, осының нәтижесінде бұ­рын­дары белгісіз болып келген 15-тен астам үлкенді-кішілі қорғандар анықталған. Олар­дың арасында ерте Сақ дәуіріне жататын 10 қор­ған белгілі бір жүйемен орналасқан бол­са, қалғандары ешбір жүйесіз, бей-берекет ор­наласқан екен. Өрнек Сақ дәуірінің қо­ры­мын­да барлау жұмыстары жүргізіліп, қалың ағаш­тың арасында қалған, бұрындары бел­гі­сіз болып келген үш бірдей элиталық қор­­ған орны табылыпты. Оған қоса, кәріс ма­мандары зертханалық жұмыс кезінде оның алдында жүргізілген археологиялық жұ­мыстар кезінде табылған барлық олжа­ның графикалық суретін салып шыққан. «Есік» қорық-музейі Есік қаласындағы қаз­ба жұмыстарын биылғы маусымда да жал­ғастырған. – Бұл жолғы археологиялық қазба жұ­мыстары ерте темір дәуірінің және б.з.д. VІІ ғасырға жататын ерте сақ кезеңінің жер­леу орнына қорытынды қазба жұмыс­та­ры болып саналады. Археологиялық қаз­ба орны бұған дейін 2016 жылы зерт­те­ліп, тас қабаты аршылып, үш бірдей жерлеу орны қазылды. Өкінішке қарай, олардың бәрі де тоналып кеткендіктен, «Есік» қо­рық-музейінің қорына тонаушылардың суық қолына ілінбей қалған ежелгі тас құр­бандық ыдысы мен қола ауыздық, қыштар мен бірнеше сүйек қалдықтары ғана беріл­ген еді. Аталған жерлеу орны әулеттік бейіт болғандықтан, басқа да жасырын қабірлер болуы мүмкін еді. Сондай жасырын қабір орнын анықтау және қорғанды түпкілікті зерт­теу мақсатында биыл да Есік қала­сын­дағы жерлеу орнына археологиялық қазба жұ­мыстары жүргізіліп, оған Қазақ туризм және спорт академиясының студенттері де қа­тысты. Биылғы зерттеу жұмыстарына ме­тал­дарды анықтайтын детектор қолда­нылғанымен, қабірде ешқандай да металл бұйымдар болмай шықты, – дейді мекеме басшысы. 2017 жылдың 7 шілдесінде «Есік» қо­рық-музейінің Қытайдың Шәнси айма­ғын­­дағы Археология институтымен бірлес­кен Рахат қалашығында жүргізген жұмыс­тарының алғашқы кезеңі аяқталған бола­тын. Археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде ерте темір дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықтағы заттар та­былды. Барлау жұмыстарының нәтижесінде та­былған қыш күйдіруге арналған пеш­тердің бірі сол жердегі төбелердің адам қо­лымен жасалғандығы туралы болжамды рас­тады. Қытайлық мамандармен бірлескен бар­лау жұмыстары 5 жылға жоспарланған.

2012-640x4279 шілдеде Рахат қалашығында архео­ло­гия­лық барлау жұмыстарын жүргізудің екін­ші кезеңі басталды. Жұмыс 20 тамызға дейін жүргізіліп, кыркүйек айында жалғас­ты­рылады. Биылғы негізгі жоспар ескерт­кіш­тің кезеңін анықтау. Бүгінгі күні 400 метр­ден астам жерде қазба жұмысы жүргі­зіліп, жерлеу орындары мен шаруашылық орындар анықталып отыр. Бұдан бөлек, «Есік» мемлекеттік тарихи-мә­дени қорық-музейі мен Ресей ғылым ака­­­демиясы Археология институтының қо­рық-музейдің қорғау аумағына жақын маң­дағы Рахат сайында, «Рахат тұрағы» па­леолиттік ескерткішіне де археологиялық жұмыстар жүргізді. Ескерткіш 2006 жылы жер­гілікті тұрғындар төбенің етегінен то­пырақ алып жатқан сәтінде кездейсоқ ашы­лып, оған сол сәтте төбе кесіндісін зерттеп жат­қан экспедиция жетекшісі Ольга Артю­хова сараптау жүргізіп, археолог Талғат Ма­мыров алғаш болып тас артефакттер не­гізіндегі алғашқы қауымдық құрылыс ада­мының тұрмыс іздерін байқаған еді. – Тау етегінде орналасқан нысандағы тұ­рақ­тың мәдени қабаттары Іле Алатауы маңындағы шаң-топырақты кертпештің қа­батына сіңісіп кеткен. Ескерткіште бір­не­ше жыл бойы зерттеу жұмыстары жүргі­зіліп, аршылған кесінділердегі жекелеген бөліктерді тазарту, тазартылған бөліктегі ар­хеологиялық материалдарды жинау, сарап­тама қорытындыларын іріктеу сынды жұ­мыстар жүргізілгенмен, ескерткіштің стратиграфиясы мен оның мерзімі туралы нақты мәліметтер мен қорытындылар бола қоймады.

2-5-640x427Бұл жағдай қолда бар материалдардың нақты талдауына кедергі келтірді. Осы­лай­ша, тарихи-мәдени мұра объектісі жыл өт­кен сайын табиғи және жергілікті тұрғын­дар­дың топырақ қабатын үңгуінің кесірінен бір­тіндеп жойылуға ұшырап бара жатты. Осы­ларды ескере келе, ескерткіштің бір бө­лігін қазып, археологиялық зерттеу үшін ар­шып көру туралы шешім қабылданды. Зерт­теу жұмыстарын директордың орын­ба­сары міндетін атқарушы Е.Жасыбаев пен Ресей ғылым академиясы Археология инс­титутының ғылыми қызметкері Д.Оже­рельев жүргізді. Далалық зерттеу жұмыстары нәтиже­сін­де ашылған алаңның жалпы тереңдігі 12,5 метрді құрады (өзеннің қиыршық тастарына дейін). Тұрақтың толық стратиграфис­ти­калық пішіні анықталды. Шаң-топырақты қа­баттан кейінгі плейстоценге жататын қоңыр­қай сұр топырақты екі бірдей қабат табылды. Осы палеоқабатпен негізгі мәдени қа­баттар байланысты болып келеді. Осын­дай сегіз қабат анықталып, жүзден астам тас артефактілер табылып, Жетісу аумағының ежелгі тұрғындарының от жаққан орында­ры­ның ізі табылды.

Тас өнеркәсібінің алдын ала мәліметтері мен сипаттамасына қарағанда, ескерткішті Алматы қаласының батыс жағындағы 44 шақырым қашықтықта жатқан жасы 35 мың болатын Алматы облысы Жамбыл ауданын­дағы Майбұлақ тұрағымен салыстыруға бо­лады. Осылайша, Рахат тұрағы кейінгі па­лео­лит ескерткіштерінің бүкіл Жетісу аума­ғы бойынша екінші стратифициланған ес­кер­ткіші болып қана қоймай, ол жерде ке­шенді ғылыми зерттеу жұмыстары да бас­талды. Тұрақты алдын ала зерттеу жұмыс­тары оның жасын шамамен 40-30 мың деген байламға келіп отыр, – дейді Гүлмира Райыл­қызы. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бө­лек ауылы Есік өзенінің оң жағалауындағы апат­ты қорған орнына жүргізілген архео­ло­гиялық экспедиция да нәтижесіз емес. 5 маусым күні Бөлек ауылының тұрғы­ны, фермер Зейнұр Асановтан жеке жер телімінде Сақ дәуіріне жататын апатты жағ­­­дайдағы қорған бар екені туралы хабар­лама түскен. «Тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді пайдалану мен қорғау тура­лы» Заңға сәйкес ол нысанды зерттеп, ар­хеологиялық сараптама беруді сұрайды. Қор­­ған оның жер телімінің ортасында ор­на­ласқандықтан, жер өңдеу жұмыстары ке­зінде қиындық тудырып отыр екен.

– Бақылау барысында қорған орнының бұ­зы­лып кеткені, қорған үйіндісінің 30 пайызға жуығы ғана сақталғаны анықталды. Оның өзі шамамен 1,5 метр биіктікте, ені 12,5 метр болды. Қорған бірнеше рет тоналғандықтан, қабір орны құрылысын анықтау мүмкін болмады. Алайда қабір орнындағы тас қал­дықтарынан жерлеу орнының шығыс-батыс бағыты бойынша тастан қаланғанын бол­жауға болады. Тонаушылардан қалған то­пырақ қалдық­тары мен тастарды аршыған соң шұңқыр түбінен бірнеше қызықты ол­жалар табылды.

Олардың арасынан ең қызықтысы, ал­тын фольгамен қапталған, қоладан жасалған гри­фон болды. «Аңдық стилде» орындалып, кемер белдікке қылшанды бекітуші рөлін ат­қарған бұл бұйым Қара теңіз жағалауын­да­ғы скифтер мен Алтай сақтарының бұйым­­дарына өте ұқсайды. Бұл өз кезегінде Алтайдан басталған ежелгі халықтардың Ұлы көшінің тағы бір дәлелі десек болады. Оған қоса, он алты жебе ұшынан тұратын қыл­шан табылды. Жалпы алғанда жебе ұш­тары ерекше олжа болып саналмағанмен мұн­дай көлемде және осындай жақсы сақ­тал­­ған түрде сирек кездесетінін атап айту ке­рек. Апатты қорған орнынан құм қайрақ, асық (жерлеу орындарында жиі кездеседі), ал­тын фольга, грифон бейнелі, алтын фоль­га­мен қапталған қол ілмек, тоға (түйме болуы да мүмкін), алтын жалатылған темір (белдік бөлігі болуы да мүмкін), нақыш бө­лігі алтын фольга, үш қырлы жебе ұштары сияқты археологиялық олжалар табылды. Осы және басқа да олжалар арқылы қорғанның б.з.д. V-IV ғасырларға жа­­та­тын, дәстүрлі сақ дәуіріне тән қорған еке­­нін анықтау мүмкін болып отыр, – дейді ға­лым.

4 2-4«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­рық-музейі аумағына биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдерінің біріккен «Ұлы Жі­бек жолы бойындағы достық және әріп­тестік» естелік-белгісі қойылды. Бұл есте­лік-белгі Корея Республикасы тарапынан 2013 жылдан бастап Корея, Қытай, Иран, Өзбекстан, Түркия, Үндістан сынды Ұлы Жі­бек жолы бойындағы елдерде қойылған. Қазақстанда тұңғыш рет қойылған естелік-белгіні орналастыру мәртебесі ежелгі Жібек жолының бойында жатқан «Есік» мем­лекет­тік тарихи-мәдени қорық-музейіне бұйыр­ды. Халықаралық іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, әйгілі археолог К.Байпақов, әйгілі қалпына келтіруші шебер, суретші Қ.Алтынбеков, Кенсанбук-до аймағының губернаторы Ким Кван Ен, Алматы қаласындағы Корея Республикасының бас Консулы Жон Сын Мин және т.б. қадірлі қонақтар қатысты. Алдағы уақытта тиісті орындар­дың қолдауымен «Есік» қорық-музейінің қор­ғау аумағын толықтай қоршау, «Есік бейіт­тері» тобына жататын қорғандарды толықтай құжаттандыру және оны рес­пуб­ликалық дәрежеге өткізу, «Есік бейіттері» аумағындағы жекеменшікке заңсыз саты­лып немесе ұзақ жылға жалға беріліп кеткен жер телімдерін қайтарып алу, қорық-музей алдындағы автотұрақ жұмыстарын толықтай аяқтау сияқты жұмыстар жалғаса бермек.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2018/08/06/63276.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәкіл Құланбаев 500-ден аса рөлдерге дубляж жасаған (ВИДЕО)

admin

Алматы «Метрополитені» КМК ұйымдастыруы

admin

«Өзекжарды». Әсет Үмбетбаев.

admin