Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Халық әртісі Роза Әшірбекова өмірден өтті

«Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас қазаға ұшырады. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, қазақ сахна өнерінің саңлағы, ҚР Халық әртісі Роза Әшірбекова 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Роза Әшірбекова 60 жылдан аса уақыт Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті. Актрисаның алғашқы рольдерінің бірі – Б.Тәжібаевтың «Қарагөз қарындасым» спектакліндегі Анна бейнесі.

Театр сахнасында сомдаған Ләззат (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Хадиша, Сейде (Ш.Айтматовтың «Арманым Әселімі» мен «Бетпе-бетінде»), Шафақ (М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Гертруда (У.Шекспирдің «Гамлетінде»), Гиацинта (Мольердің «Скапеннің айласында»), Аркадина (А.Чеховтың «Шағаласында»), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің «Адам аласы ішіндесінде») рөлдері Роза Әшірбекованың кәсіби шеберлігін танытып, қазақ сахна өнері тарихындағы шоқтығы биік бейнелерге айналды.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

admin

ТЮЗ имени Габита Мусрепова открыл 70-й сезон премьерным спектаклем «Райымбек! Райымбек!».

admin

Театр артисі – Бақыт Тушаев «Білім және мәдениет» телеарнасының «Қайырлы таң» бағдарламасында қонақта.

admin