Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Мүсірепов театры 70-ші маусымының ашылуына 2 бірдей Премьераны көрермен назарына ұсынбақ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру» міндетін қойды.
Елбасының алға қойған бұл мақсат-міндетін жүзеге асыруға театр жан-жақты атсалысып келеді.
Биыл театрымыз «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымға Қазақстанның өнер ошақтары 84-ші болып қабылданды.
АССИТЕЖ – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, театрымыздың артистер тобы жас буын өкілдермен толығуда. «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы дүйім жұртқа етене таныс Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергендерді жаңа маусымда қойылымдардан көретін боласыздар.
image-03-10-15-12-21Театрымыз мерейтойлық 70-ші маусымының ашылуына 2 бірдей Премьераны көрермен назарына ұсынбақ. Осыған орай, театрдың үстіміздегі жылдың жетістіктері және алдағы 70 жылдық мерейтойымыздың қарсаңындағы атқарылатын жоспарлар жайында театр директоры – Сәбит Әбдіқалықов, көркемдік жетекші – Мұрат Ахманов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан, театр артистері Роза Әшірбекова, Лидия Кәден, Еркін Әбдірешовтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтеді.

Ақпарат көзі: http://baq.kz/kk/cultcenter/post/366

Сәйкес жаңалықтар

“Тарихын тасқа таңбалаған – Қазақ елі” театрландырылған мерекелік кешті театр директоры Сəбит Əбдіқалықов жəне “Тамшы” ғылым жəне мәдениет қорының төрағасы Қуат Қонаев ашып берді.

admin

“Мың тыныс және бір дауыс” атты Халықаралық театрлар фестиваліне жол тартты

admin

23.10.2015ж. Алғашқы бастамамыздың сəтті өтуіне қызығушылық танытып, өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап іздеп келген Əл-Фараби атындағы ҚазҰУі мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттеріне алғыс білдіреміз!!!

admin