Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Министрліктің жаңалықтары

Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына іс-сапармен келді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырар ауданына арнайы келді. Министрдің бұл жолғы сапарында Отырар қалажұрты маңынан салынғалы жатқан «Отырар қалажұртының сапар-орталығына» «Аманат хат» капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Мәдениет және спорт министрі сапар орталығын салудағы мақсат — еліміздің мәдени мұрасын шетелдерге насихаттаумен қатар тарихи мәдени нысандарды қорғау және оларды сақтап қалу екендігін түсіндірді. Сондай-ақ бұл жолғы шара Ұлы Жібек жолы бойында жатқан тарихи өлкені шетелдіктерге танытудың бастамасы екендігіне тоқталды. Жиын соңында министр болашақ ұрпаққа аманат хат қалдырды.


Ал, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Арыстанбаб пен Отырартөбені жалғап тұрған 17 га жерде салынатын нысандардың жобаларымен таныстырды. Айтуынша, бұл жерде тек сапар орталығы ғана емес,әртүрлі нысандар да бой көтермек. Оның ішінде этно орталық, жоғары дәрежелі 60 орындық қонақ үй, сквер тағы да басқа нысандар бар. Бұл нысандардың құрылысына бюджет қаржысымен қатар жеке инвесторлар да тартылмақ. Осы нысандар пайдалануға берілгенде туристердің Отырар тарихымен толық танысуына мүмкіндіктері болады.

Мұнан соң министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырартөбедегі қазба жұмыстарымен танысып, қайта жаңғырған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін аралап шықты.

Жанерке Хумар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркістанда Асқар Сүлейменовті еске алу шарасы өтті

admin

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген фильм Үндістанда өткен ШЫҰ кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды

admin

Начато строительство объектов административно-делового и культурно-духовного центров Туркестана

admin