Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ СПЕКТАКЛЬ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

КЕЗЕКТІ СПЕКТАКЛЬ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бүгін Мүсірепов театрында мерейлі мереке. Өйткені, театрымызда жаңа спектакльдің тұсауы кесілді.

“Бернарда Альбаның үйі” спектаклінің режиссері Дина Жұмабаеваның Г.Лорканың шығармашылығын кезекті мәрте сахналауы болды

Туынды Бернарданың өз қыздарына моральдық озбырлығына қарсы бағытталған. Кенже қыз Адела билік пен тілек арасындағы қарама-қайшылықты ұсынатын автор идеясына тән «бүлікші» болады.

Бұл – заманның әр кезеңдерінде қойылып, нақты оқиғалардан шабыттанған және сол кездегі әдет-ғұрыптар туралы үлкен сыни ойларға толы тың дүние.

Ар-намыс пен әлеуметтік нормалар озбырлығынан құтылғысы келетін Адела атты кейіпкердің бостандық пен өмірге деген құштар-лығын тұншықтырушы ретінде, Бернарда кейпі шынайылықпен бейнеленген.

Сәйкес жаңалықтар

Дархан Сүлейменов: «Өнер кей кезде қатыгез болуды үйретеді…»

admin

Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының актеры, қалың көрерменге “Мың бір мақал”, “Сен сұлу” тележобалары арқылы кең танымал болған Рахман Омар мырзамен болған бүгінгі эфиріміз де онша қызықсыз өтпеген сияқты

admin

Гүлбаһрам Байбосынова: “Мен егіздің сыңарымын”

admin