Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

РЕЖИССЕРЛЕР МЕН СЦЕНОГРАФТАР ФЕСТИВАЛЬ-ФОРУМЫНЫҢ «ҮЗДІК РЕЖИССЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ

РЕЖИССЕРЛЕР МЕН СЦЕНОГРАФТАР ФЕСТИВАЛЬ-ФОРУМЫНЫҢ «ҮЗДІК РЕЖИССЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ

Атырау қаласында маусымның 7-10 аралығында өткізілген Ч. Зұлхаш атындағы І Республикалық режиссерлер мен сценографтар фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальдың мақсаты – жас режиссерлер мен сценографтардың шығармашылықтарына қолдау көрсету және театр өнеріне еңбек етіп жүрген мамандар арасынан үздігін анықтау болып табылады.
Осы орайда театрымыздың артисі, жас режиссер Шағуан Үмбетқалиев репертуарымыздағы «ҚАР ҚЫЗЫ» қойылымымен қатысып, «ҮЗДІК РЕЖИССЕР» жүлдесіне лайық деп танылды. Талантты режиссердің алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, лайым жеңіс тұғырынан табылатынына сеніміміз мол.

Сәйкес жаңалықтар

Тұңғышбай әл-Тарази атындағы дәстүрлі фестиваль Тараз қаласында екінші рет өтті

admin

Данияр Базарқұлов: «Актер болуды армандамағанмын»

admin

Театрдың 70-ші маусымы 7 жаңалыққа ұласады

admin