Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ СПЕКТАКЛЬ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

КЕЗЕКТІ СПЕКТАКЛЬ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бүгін Мүсірепов театрында мерейлі мереке. Өйткені, театрымызда жаңа спектакльдің тұсауы кесілді.

“Бернарда Альбаның үйі” спектаклінің режиссері Дина Жұмабаеваның Г.Лорканың шығармашылығын кезекті мәрте сахналауы болды

Туынды Бернарданың өз қыздарына моральдық озбырлығына қарсы бағытталған. Кенже қыз Адела билік пен тілек арасындағы қарама-қайшылықты ұсынатын автор идеясына тән «бүлікші» болады.

Бұл – заманның әр кезеңдерінде қойылып, нақты оқиғалардан шабыттанған және сол кездегі әдет-ғұрыптар туралы үлкен сыни ойларға толы тың дүние.

Ар-намыс пен әлеуметтік нормалар озбырлығынан құтылғысы келетін Адела атты кейіпкердің бостандық пен өмірге деген құштар-лығын тұншықтырушы ретінде, Бернарда кейпі шынайылықпен бейнеленген.

Сәйкес жаңалықтар

Құттықтаймыз!

admin

Актриса болғысы келiп, театр сахнасында роль ойнауды армандап, ата-анасының қалауымен басқа салада бiлiм алып жүрген батыл көрерменнiң бүгiн бiр арманы орындалды. Сүйiктi артiстерiнiң қасында, өздерi армандаған киелi сахнада өзiн актриса ретiнде сезiнген қос аруға арнайы сый да табысталды. #АйтылмағанМахаббат — в Тюз Им.габита Мусрепова.

admin

1 Қыркүйек- “Білім күні” құтты болсын!

admin