Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

«Карлсонның қайта оралуы» (Ертегі)

admin

«Карлсонның қайта оралуы»

Авторы: А. Линдгрен
Аударған: С. Ордашева
Режиссері: Д. Жұмабаева
Суретші: Д. Касымова
Хореограф: С. Беймишева
Ұзақтығы: 1 сағат
Жас шектеуі: 4+

Кейде бақыттың қанаты болады. Кейде ол төбеден ұшып келіп, күтпеген сәтте есігіңді қағады.
Астрид Линдгреннің әлемге әйгілі кейіпкерлері – тентек те тапқыр Карлсон, қиялына ерік берген Балақай және тәртіпті сүйетін Фрекен Бок бұл жолы театр сахнасында көрермендерімен қайта қауышады.
Балақайдың өміріне Карлсонның қайта оралуы – көңілсіз күндерге күлкі, күнделікті тіршілікке қиял мен ойын сыйлайды. Бұл кездесу көрермендерді де балалық шақтың алаңсыз әлеміне саяхат жасап, қиялға қанат бітіруге шақырады. Ал Фрекен Боктың пайда болуы үш кейіпкерді сан түрлі қызықты оқиғаларға жетелейді. Бірі тәртіп орнатқысы келсе, бірі еркіндікті аңсайды, енді бірі жай ғана досымен бірге көңіл көтергісі келеді.
Көңілді әуен мен биге, шытырман оқиғаларға толы спектакльде кішкентай көрермендер сырттай бақылап қана қоймай, кейіпкерлермен бірге әрекет ететін ерекше сәттерге куә болады.
Карлсонның өзі айтқандай: қызықсыз өмір сүріп не керек? Ендеше, бірге ойнайық, бірге күлейік және ғажайыптарға Карлсонмен бірге саяхаттайық!

Премьера күні: 11 қыркүйек, 2026 жыл