Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Хаджиев Жанат Әубәкірұлы

admin

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82-%d1%85%d0%b0%d0%b4%d0%b6%d0%b8%d0%b5%d0%b2-%d2%9b%d0%be%d1%8e%d1%88%d1%8b-%d1%80%d0%b5%d0%b6%d0%b8%d1%81%d1%81%d0%b5%d1%80
Режиссер
Туған кезі (күні, айы, жылы): 01.05.1949 ж.
Туған жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы.
1956-1966 жылдары мектеп қабырғасында білім алды.
1967-1972 жж. Мәскеу қаласындағы жоғары театр училищесінің «Актер» мамандығын тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1972 жылы Торғай облыстық драма театрын ашуға жолдама алады.
1975-1980 жж. Алматыдағы  «Театр және көркемсурет» институтының «Режиссер» мамандығын тәмамдайды.
1979-1982 жж. Қазақстанның  мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында қоюшы – режиссер қызметін атқарды.
1982 жылы Торғай облыстық музыкалық-драма театрында Бас режиссері ретінде қызмет атқарды.
1988 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты, театр Жезқазған қаласына қоныс аударып,  С.Қожамқұлов атындағы  Жезқазған Қазақ музыкалық-драма театрының ашылуына ат салысып, сонда Бас режиссер ретінде қызмет етті.
1999 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер болып еңбек етіп келеді.
2000 жылдан бастап, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында  ұстаздық етіп, шәкірттер дайындау ісіне атсалысуда.

 Ж.Хаджиевтің режиссерлығымен сахналанған спектакльдер үшін, Гран-При және Жүлделі орындар табыстаған байқаулар тізбегі:

 1.1980 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумының  Грамотасымен  марапатталды.

2.1985 жылы Тбилиси қаласында өткен Жастар театрларының Халықаралық фестиваліне  «Қыз махаббаты» (авт. Ә.Тарази) спектаклімен қатысып жүлделі орынға ие болған.

3.1989 жылы Бішкекте өткен Орта Азия мен Қазақстанның «Наурыз» атты театр фестивалінде «Қыз Жібек» (авт.Ғ.Мүсірепов) спектаклімен қатысып лауреат атанды.

4.1992 жылы Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығына орай Республикалық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қойған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі мен Бас жүлдені жеңіп алды.

5.1993 жылы Мысыр елінде өткен (Каир қаласы) Халықаралық театр фестиваліне Қазақстаннан алғаш болып, Ж.Хаджиев қойған спектаклімен қатысты.

6.1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде ол қойған «Ерте ояндым…» (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша, инсц. жасаған К.Ахметов) спектаклі Гран-При иеленді.

7.1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестиваліне «Қарагөз» спектаклімен қатысты.

8.1999 жылы Ш.Айтматовтың 70 жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қойған «Арманым – Әселім» (авт. Ш.Айтматов) қойылымы лауреат атанды.

9.2002 жылы Махамбеттің 200 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде І.Жансүгіровтің Ж.Хаджиев қойған «Исатай мен Махамбет» тарихи драмасы Гран-При жеңіп алды.

10.2004 жылы С.Жүнісовтың 70 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде «Тұрымтайдай ұл еді…» (жас Абылай) спектаклі Гран – При иеленді.

 
Қазақ театр сахнасында 100-ден астам спектакльдер  қойған  режиссер.
Марапаттары:
2003 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
2004 ж. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты;
2009 ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры дәрежесін иеленді.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;