Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты! Режиссер әрі көркемдік жетекші Дина Жұмабаеваның «Гамлет. Соңғы күндер» қойылымы Халықаралық «Эргүү» («Шабыт») ұлттық театр сыйлығының «Үздік шетелдік қойылым» номинациясын жеңіп алды.
Қырғыз Республикасының 60-тан астам театр академигінің таңдауымен берілетін бұл беделді сыйлыққа Әзербайжан, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінен спектакльдер қатысқан болатын.
Осы тартысты бәйгеде топ жарған әріптестерімізді кезекті жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

