Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Райхан Қалиолдина «Парасат» орденімен марапатталды

Райхан Қалиолдина «Парасат» орденімен марапатталды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бірқатар мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен мәдениет пен өнердегі өлшеусіз еңбегі үшін театр артисі Райхан Қалиолдина «Парасат» орденімен марапатталды. Аталмыш мемлекеттік награданы 22 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған жиында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы табыстады.

Сәйкес жаңалықтар

ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі бойынша баспасөз конференциясы өтті

admin

“Жаңа күн” бағдарламасының қонағы актриса Гүлдана Ергешова

admin

Ұлан Нүсіпәлі: Жадымызды байытқан соң ғана жаңа әрекеттерге барған дұрыс

admin