Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • БАҚ жаңалықтары
  • Г.Хугаевтың “Қара шекпен” қойылымы “Ең үздік қойылым” номинациясын жеңіп алды Түркияның Кония қаласында өткен фестивальден
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Г.Хугаевтың “Қара шекпен” қойылымы “Ең үздік қойылым” номинациясын жеңіп алды Түркияның Кония қаласында өткен фестивальден

«Қара шекпен» – «Ең үздік спектакль» атанды

     Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс – бір дауыс» атты Түркітілдес театрлардың 9-шы халықаралық фестиваліне қатысып,  «Ең үздік спектакль» жүлдесін жеңіп алды.

Театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов бұл фестиваль туралы: «Түркітілдес театрлардың 9-шы халықаралық фестивалі өте жоғары дәрежеде өткізілді. Себебі, оны ұйымдастырушылар әр елден келген қонақтарға барлық жағдайларын жасауда бүге-шүгесіне дейін мән берген екен. Фестивальмен қатар мұсылмандардың мейрамы – Мәулітпен тұспа-тұс келуі есте қаларлық, ерекше құбылыс болды. Фестивальге он түрлі театрлар қатысып, өнер көрсетті. Олардың ішінде біздің ұжымымыз өздерінің бар күшін салып, ең үздік спектакль жүлдесін жеңіп алды. Театрымызды жеңісімен құттықтаймын, биік белестерді бағындыра берсін», – деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Фестивальге Түркияның бес театрынан бөлек, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мемлекеттер: Македония, Молдава, Әзірбайжан, Кипр, Грузия, Ирак, Иран, Болгария және т.б. он түрлі өнер ордалары сайысқа түсіп, бақ сынасты. Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған бұл фестивальге театр ұжымы Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымын Коньяның орталығында орналасқан – Түрік ұлттық «Devlet» театрының сахнасында қойды. Қазақ көрермендерінің қошеметіне бөленіп жүрген спектакльдің қоюшы-режиссеры – Асхат Маемиров, қоюшы-суретшісі – Индира Ихсан, музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов, балетмейстер – Ринат Билібаев.

26 сәуір күні Түркияда көрермендер назарына ұсынылған «Қара шекпен» спектаклінде өз өнерлерін көрсеткен ұжымның актерлық құрамы: Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Гүлбаһрам Байбосынова, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Гүлдана Ергешова, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев болды. Жалпы, «Қара шекпен» спектаклі – жануарлардың бейнелері арқылы адамның шынайы бет пердесін ашып көрсетуге бағытталған. Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі жаратылыстардың ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам… Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайықпыз ба?! Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, жан азығынан мақұрым қалғандай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз… Осындай сан түрлі сұрақтарға жауап іздейтін қойылымды Түрік елінің жұртшылығы жылы  қабылдады.

 Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі.

IMG-20160420-WA0015 12974380_928889273895829_5515862332551334385_n 13007101_928889090562514_8574161226049273252_n 13087575_1612199082434673_6987910964812942931_n 13087580_1695466347379197_4170339248686617905_n 13119075_1695367514055747_2542278460026542882_n DSC_3847 DSC_3851 DSC_3856 DSC_3857 DSC_3860 DSC_3866 IMG-20160420-WA0014

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Бiз – актермыз, бiз – патшамыз,

admin

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымы ашылады

admin

“Құнанбай” фильмінде Қамқа рөлін сомдаған театрымыздың актрисасы ТОЛҚЫН НҰРБЕКОВА – Алматы телеарнасы “Күліп, оян!” бағдарламасында қонақта.

admin